Каспий теңізінен суға кеткен балықшының денесі шығарылды

27 сентября 2023 г. 10:00 / Новости Казахстана

Каспий теңізіне осыдан үш күн бұрын суға кеткен балықшының денесі шығарылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі:

30 жастағы балықшыны үш күн іздеген. Ол 24 қыркүйекте теңізден балық аулағанда суға кеткен деген болжам айтылды. 

Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері Шора су арнасы ауданында жағадан 400 метр жерде адамның денесін судан шығарды.

Оны іздеуге Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар басқармасының қарушылары, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша жеке құрамы және еріктілер жұмылдырылды. 

Автор
Новости партнеров