Головкин әлем чемпионы атағынан айырылды

14 июня 2023 г. 20:25 / Новости Казахстана

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған тұжырым бойынша әлем чемпионы белдігі GGG-де қалған жалғыз белбеу болатын. 14 маусымда, ІВО халықаралық бокс ұйымы бұл туралы хабарлап, президенті Эд Левин орта салмақтағы атақ қазір бос екенін мәлімдеді. 

Бұған дейін Головкин WBA Super және IBF чемпиондық белбеулерінен жекпе-жекке шықпағандықтан айырылған болатын. Қазіргі уақытта отандық кәсіпқой бокс шебері әлем чемпионы деген атағынан толыққанды айырылып отыр. 

Қарағанды облысының тумасы кәсіпқой бокстағы мансабын таяу уақыттары аяқтауы мүмкін. Сәуір айынла оның жасы 41-ге толған еді. Сондай-ақ, ол әуесқой бокстан Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері. Әлем және Азия чемпионы. 2002 жылы Пусанда өткен Азия Ойындарының жеңімпазы. 

 

Автор
Новости партнеров