Есентай көпірі сегіз жолақты болады - Алматы әкімдігі

12 июля 2023 г. 15:55 / Новости Казахстана

Алматыдағы Есентай өзеніндегі көпір сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді зерттеу барысында апатты жағдайда екенін анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев мәлімдеп отыр. 

Көпірде кептеліс болмауы үшін жолақтар саны алтыдан сегізге дейін, яғни екі бағытта төртке дейін артпақ. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жаңа жеке көпір құрылымдарын салу арқылы көпір кеңейтілетін көрінеді. 

Көпір құрылысын реконструкциялау үш кезеңде жүзеге асырылады: қазір тегістеу жұмыстары жүргізілуде, содан кейін гидроизоляцияланады.  Алда асфальт жабыны төселеді. Көпірде барлығы 96 діңгек бар. Бүгінде оның 27-сі ауыстырылды, - деді Сағындық Телібаев.

Автор
Новости партнеров