Enbek мобильді қосымшасында грант алуды рәсімдеуге болады

12 сентября 2023 г. 9:30 / Новости Казахстана

Енді Enbek мобильдік қосымшасында«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға жазылуды және мемлекеттік грант алуды  ресімдеуге болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жұмыс іздеуден, жұмыссыздарды тіркеуден және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алудан басқа азаматтарға Business.Enbek.kz кәсіпкерлікті қолдау қызметтері қолжетімді болды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі былай деп жазды:

Enbek мобильдік қосымшасының көмегімен пайдаланушылар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жазыла алады, сондай-ақ өтініш беруден бастап шартқа қол қоюға және нысаналы пайдалану туралы есептерді тапсыруға дейін өздерінің бизнес – идеяларын іске асыруға 1,38 млн теңгеге (400 АЕК) дейінгі сомаға мемлекеттік грант алудың барлық процесінен өте алады.  

Новости партнеров