Ең тозған ЖЭО Арқалық, Орал және Кентау қалаларында орналасқан

11 апреля 2023 г. 18:33 / Новости Казахстана
Фото: egemen.kz

Ең ескі жылу электр орталықтары Арқалық, Орал және Кентау қалаларында орналасқан. Елімізде өткізілген техникалық аудит кезінде тозу дәрежесі бойынша ЖЭО рейтингі жасалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Рейтинг келесі негізгі көрсеткіштер бойынша қалыптастырылды: амортизация, негізгі жабдықтың жұмыс уақыты, отын шығынының нақты көрсеткіштері, штаттық кесте, тиімділік, технологиялық бұзушылықтар және жөндеу бағдарламаларының орындалуы, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Рейтингте көш бастап тұрғандар:


1. Арқалық ЖЭО (жабдықтардың тозуы – 95,4%, 1963 жылы пайдалануға берілген);

2. Орал ЖЭО (жабдықтардың тозуы – 95,3%, 1960 жылы пайдалануға берілген);

3. Кентау ЖЭО (жабдықтардың тозуы – 92,7%, 1952 жылы пайдалануға берілген).

Ең соңғы орында - Астана ЖЭО орналасқан (жабдықтардың тозуы – 31,2%, 1971 жылы пайдалануға берілген).

Автор
Новости партнеров