Елімізде ең көп ауыл Түркістан облысында

17 марта 2023 г. 23:40 / Новости Казахстана

Қазақстан бойынша аудандар мен қала және ауыл санының есебі жасалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандағы ауыл мен аудан саны туралы ұлттық статистика бюросы жариялады. Онда ел бойынша 89 қала, 188 аудан және 6 295 ауыл бар көрінеді. 

Мұнда жалпы қала мен аудандар саны бойынша Ақмола облысы тізімді бастап тұр. Өңірде 11 қала және 17 аудан бар. 

Ал ауылдар санымен тізімнің басын Түркістан облысы бастады. Өңірдегі ауыл саны – 826.Одан кейінгі орында елді мекендер саны бойынша СҚО, Ақмола және Қостанай облыстары тұрақтаған. Ал ең аз ауыл саны Маңғыстау облысында. Түбектегі өңірде ауыл саны 60-қа жетпейді. Ал Ұлытау облысында аудан саны республика бойынша ең аз өңір саналады. Мұнда небәрі екі аудан ғана бар. Сәйкесінше ауыл саны 72 елді мекенді құрайды. 

 

Автор
Новости партнеров