Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалында есе жіберді

13 июля 2023 г. 13:50 / Новости Казахстана

Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен шеберлік байқасқан еді. Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездескен, нәтижесі 2:2 болып аяқталған еді. 

Бұл жолы бірінші партияда теннисшілер екі-екіден брейк жасады. Тай-брейкте қазақстандық спортшы басымдылық танытты - 7:6 (7:5).

Алайда екінші сет соңына таман Онс Жабер күш алып кетіп, 6:4, 6:1 нәтижесі тіркелді. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдалана алды. 

Енді Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласады. Ол дүниежүзілік рейтингте 18-орында тұрған америкалық Мэдисон Кизді қапы қалдырды - 6:2, 6:4.

Автор
Новости партнеров