Елена Рыбакина теннистен Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

26 января 2023 г. 22:35 / Новости Казахстана

Үлкен теннистен Аустралияның ашық чемпионатында қазақстандық Елена Рыбакина финалға шықты, деп хабарлайды  Arbat.media.

Отандасымыз жартылай финалда белорусьтық Виктория Азаренконы 2:0 есебімен ұтты. Рыбакина алғашқы сетте 7:6 есебімен басым түссе, екінші айналымда 6:3 көрсеткішімен алға шықты.

Аустралиядағы сында қазақстандық теннисші 1/32 финалда Осорио Серраноны, 1/16 кезеңде Даниэль Коллинсті ұтты. 1/8 финалда польшалық Ига Швентекті айқын басымдықпен қапы қалдырды. Ал ширек финалда латвиялық Елена Остапенконы жеңіп, жартылай финалға шықты. Енді Е.Рыбакина финалдық сында польшалық Магда Линетт пен белорусьтік Арина Соболенко жұбының жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде жеңімпаз атанған болатын. Отандасымыз теннистен Үлкен дулыға турнирін ұтқан алғашқы спортшы.

Автор
Новости партнеров