Екі өңірдегі жол апатынан 5 адамның өмірі үзілді

12 июня 2023 г. 19:07 / Новости Казахстана

Еліміздің екі өңірінде жол апаты орын алып 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Соның бірі Қызылорда облысы Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында орын алған. 11 маусым Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында екi жеңіл автокөлік соғылып, салдарынан оқиға орнында 3 адам көз жұмды. Тағы 2 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.  

Қазір аталған дерекке қатысты ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ, 12 маусым сағат 10:50 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолында Теміртау қаласына қарай бағыт алып бара жатқан 57 жастағы Audi автокөлігінің жүргізуші жол апатына жасаған. Алдын ала болжам бойынша жол қауіпсіздігіне назар аудармай, алдында келе жатқан ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысып, кейінгісі соғылу салдарынан жол жиегіндегі қоршауға соғылған.

Соның салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен Audi-де болған 56 жастағы (жүргізушінің жұбайы) жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. 57 жастағы Audi жүргізушісі және оның 9 жастағы немересі, сондай-ақ ВАЗ-2114 автокөлігінің 23 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Жол апатына қатысты дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданбақ. 

Автор
Новости партнеров