Бүлдіршіннің өңешіндегі жыланкөзді емдеп жазды

24 сентября 2023 г. 9:10 / Новости Казахстана

Дәрігерлер су жұта алмай қалған бүлдіршіннің өңешіндегі жыланкөзді емдеп жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Су ішкенде үнемі шашалып, жөтеліп, жиі пневмонияға шалдыға беретін талдықорғандық төрт жасар қыз педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына түскен.

Дәрігерлерінің айтуынша, кеңірдек өңеш жыланкөзі — кеңірдек пен өңеш түтігінің арасындағы тесіктің бітіспеуі салдарынан пайда болатын туабіткен ақау.

Төрт жасар Лена туғаннан пневмониямен жиі ауырған. 

Ғылыми орталықта зерттеу қорытындысы сирек кездесетін туабіткен кеңірдек-өңеш жыланкөзі диагнозы қойылып, мойын медиастенотомия, кеңірдек өңеш фистуласын алып тастайтын ота бір сағаттан аса уақыт жасалған. 

«Ота сәтті жасалып, қазір кішкентай пациентіміз үйіне шығуға дайындалып жатыр. Қазір бала су ішкенде шашалмайды. Көңіл күйі жақсы. Аман-есен. Тігісі де жазылды», — дейді ота жасаған дәрігері Константин Хаиров.

Автор
Новости партнеров