БҚО-да төтенше жағдайдан кейін 26 тұрғын өз үйіне оралды

15 марта 2023 г. 14:40 / Новости Казахстана

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралардан кейін  26 тұрғын өз үйіне қайтып оралды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сырым ауданында тартылған құрылымдардың жедел жұмысының арқасында  су басқан 5 үйден су толығымен сорылған. Өткен тәуліктің ішінде қауіпті учаскелерде 3 мыңға жуық дана қапқа инертті материалдар  салынып төселді, 30 мың текше метрден астам су сорылды, 11 учаскеде су бұру үшін траншея қазылды.

Дерқұл және Шаған өзендерінің жай-күйін бағалау мақсатында ЖАО, ТЖД, Қазгидромет, Қазсушар өкілдерімен бірігіп «Орал қаласы-Бәйтерек ауданы» бағыты бойынша әуеден барлау жүргізілді. Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Атырау және Маңғыстау облыстарынан қосымша тартылған ТЖМ күштері мен құралдарын қоса алғанда, ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, ҚМ күштері мен құралдары жұмылдырылуда, деді ТЖМ баспасөз қызметіндегілер. 

Қалған эвакуацияланған 28 адам уақытша эвакуациялау орынарына, қалған 205 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 280-ден астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге шығарылды. 

Қазіргі уақытта 40 үй су астында қалып отыр. Су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенді түрде жүргізілу үстінде. 

Автор
Новости партнеров