Бокстан Олимпиада жүлдегерінің бапкері өгей қызын зорлады деп айыпталып жатыр
15 июня 2023 г. 11:10 / Новости Казахстана
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Иван Дычконың әуесқой бокстағы бапкерлерінің бірі болған Сапабек Мұқышев өгей қызын зорлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Arbat.Media.
20 жастағы қыз өзінің бұрынғы өгей әкесі, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сапабек Мұқышевті екі рет зорлады деп айыптап отыр. Ол арызды полицияға тапсырған.
BasSport.kz басылымы аталған жағдайға байланысты бірден екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын жазды. Белгілі бапкерге зорлау және бірнеше рет зорлау баптары бойынша қылмыс іс қозғалған.
Тергеу шеңберінде бірқатар сот сараптамасы тағайындалды және жүргізілді, Соның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданбады, жәбірленуші тарапқа қорғаныс қамтамасыз етілді, - деді Қостанай облысының баспасөз қызметі.
Мұқышевтың бұрынғы әйелінің шағымы 25 мамырда "НеМолчи" қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған болатын.
Сапабек Мұқышев менің қызымды екі рет зорлады. Бірінші рет 16 жасында, екіншісі 18 жасында. Ол өзін қылмыс әлемінің беделді тұлғасы санайды. Бірнеше рет жазасын өтеген, оның ішінде кісі өлтіргені үшін де түрмеде отырып шыққан. Сапабек менің қызымды қорқытқан. Одан түгел облыс қорқады. Өзінің органдарда, соның ішінде прокуратурада байланысы бар, - деген еді оның бұрынғы әйелі.
1 ноября 2024 г. 7:00 / Новости Казахстана
Снег и гололедицу прогнозируют 1 ноября в Казахстане
1 ноября 2024 г. 2:16 / Новости Казахстана
Пожар на фасаде ТРЦ произошел в Уральске
1 ноября 2024 г. 0:08 / Новости Казахстана
Токаев посетит Францию с госвизитом
31 октября 2024 г. 17:55 / Новости Казахстана
Сколько зарабатывают айтишники в Казахстане
31 октября 2024 г. 17:12 / Новости Казахстана
Казахстан и Россия запускают коммерческие авиарейсы на Байконур
31 октября 2024 г. 16:40 / Новости Казахстана