Азиада спортшысы киім сапасын сынға алды

28 сентября 2023 г. 9:30 / Новости Казахстана

Азия ойындарына киберспорт бойынша қатысып жатқан Әнуар Халықбергенов спорттық форма сапасын сынға алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ZTB.KZ желілік басылымы хабарлайды.

«Көптеген адам форманың сапасы соншалықты төмен бе деп сұрап жатыр. Иә, бәрі шындық. Салыстырмалы түрде поло жейде ғана көңілден шықты, оның да матасы түтіле бастады. Футболкадағы көк ту эмблемасының желімі ажырап жатыр. Сондықтан кимей жүрмін, жылы кофтамен жүруге тура келді. Маған берілген шорты өлшемі өте үлкен, шалбар сияқты көрінеді. Мен еш жүгірмейтін, бір орында отыратын спорт түрі бойынша сынға түсіп жатырмын, сонда да киімдер бір-екі күнде тозып кетті», - дейді Ә. Халықбергенов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Автор
Новости партнеров