Ауа райы: Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында үсік жүреді

17 сентября 2023 г. 14:41 / Новости Казахстана

Оңтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста - екпінді жел, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта – тұман күтіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазгидромет» РКМ таратқан деректерге қарағанда, бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Түнде еліміздің оңтүстік - шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша оңтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста - екпінді жел, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта – тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Автор
Новости партнеров