Атырауда он адамды қарақұрт шағып алды

21 июня 2023 г. 17:32 / Новости Казахстана

Атырау облысында улы өрмекшілердің шағуынан мал қырылып, 10 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Arbat.media.

Облыстағы Көктоғай, Елтай және Бодене ауылдарында жағдай ушыға түскен. 

Индер ауданында қарақұрт 124 түйені шағып, олардың 16-сы өлген. Сондай-ақ, 10 адам ауруханаға жатқызылды. 

Ветеринарлардың айтуынша, улы өрмекшілер күннің күрт ысуынан шыққан. Жоғары температура аталған жәндіктердің уының жоғарылауына әсер етеді. Сонымен қатар арахнидтердің тез көбеюіне әсерін тигізеді. 

Өткен жылмен салыстырғанда осы маусымда қарақұрт шағу статистикасы күрт өскен. 

Егер қарақұрт малды шағып алса, уақытылы көмек көрсету үшін шұғыл түрде ветеринарларға жүгіну керек, әйтпесе одан жануарлар бірден өледі, - деді ветеринариялық станция басшысының орынбасары Ержан Әбішев.

Автор
Новости партнеров