Атырауда 40 жастағы әйел көпірден секірмек болды

29 мая 2023 г. 20:18 / Новости Казахстана

Атырауда 40 жастағы әйел көпірден секіргелі тұрғанда оны полиция қызметкерлері құтқарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған оқыс оқиға 29 мамырда Атырау қаласында болған. 

Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері таңғы сағат 04:00 шамасында әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде орталық көпірден әйелдің суға секіргелі тұрғанын байқаған. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, өзіне қол жұмсамау үшін көпірден секірмекші болған 40 жастағы әйелмен 4 минуттық профилактикалық келіссөз жүргізген. Сөйтіп, оны өз еркімен райынан қайтуға көндірді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметіндегілер. 

Өз-өзіне қол салуды ойлаған әйелдің 1983 жылы туғаны анықталып отыр. Ол жедел-тергеу тобына тапсырылып, қазір тұрғынның мұндай әрекетке бару себебі анықталып жатыр. 

Автор
Новости партнеров