Асу Алмабаев UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

6 апреля 2023 г. 21:01 / Новости Казахстана

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC ұйымымен ресми түрде келісімшартқа отырды, деп хабарлайды arbat.media.

Спортшының әлемдегі ең үздік промоушенге ауысқаны туралы Naiza.mma  лигасы мәлімдеді. 

Ресми: Асу Алмабаев UFC-мен келісімшартқа отырды, - деп жазды Naiza.mma  парақшасы.

Асу қазір 29 жаста. Ол осыған дейін 17 рет жеңіске жетіп, екі рет есе жіберген. Ол Naiza и в М-1 Global лигаларының жеңімпазы атанды. Сонымен бірге, Brave CF, Fight Nights және ACB (қазіргі АСА) секілді промоушндерде табысты өнер көрсетті. Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүр. 

Ол наурыз айында өткен жекпе-жекте Шавкат Рахмоновқа секундант болды. Кейін аралас жекпе-жек шебері Ш.Рахмонов UFC президенті Дана Уайтпен Асумен келісімшарт туралы талқылағанын айтқан болатын.   

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от NAIZA FIGHTING CHAMPIONSHIP (@naiza.mma)

Автор
Новости партнеров