Астана әуежайында жиырмадан астам әуе рейсі ауа райына байланысты кейінге шегерілді

17 апреля 2023 г. 17:35 / Новости Казахстана

Астанадағы ауа райыынң қолайсыздық тудыруына байланысты бірнеше әуе рейсінің уақыты өзгерді, деп хабарлайды Arbat.media

Елордадағы халықаралық әуежайғы 13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі күн райының қолайсыздығына орай кейінге қалдырылғаны айтылды. 

Астана халықаралық әуежайында 13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі кейінге ауысты. Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтардың кеш келуі себеп болып отыр. Жолаушылардан жолда абай болуларын және рейс жөніндегі ақпараттарды әуе компаниялардың байланыс орталықтарынан білулерін сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының өзгеруіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар жолдарда, оның ішінде Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск жолдың жабылғанын хабарлаған еді. 

 

 

Автор
Новости партнеров