Ақтөбе облысында түлкі кішкентай баланы талап тастады

5 июля 2023 г. 16:45 / Новости Казахстана

Ақтөбе обылсында түлкі 4 жастағы баланың маңңдайы, мұрны мен аяғы жарақаттап тастады. Жабайы аңға таланған сәби жедел түрде Қобда аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, оқыс жағдай Қобда ауданына қарасты Жарық ауылындағы өзеннің маңында болған көрінеді. Кішкентай бала ата-анасымен бірге жүргенде түлкі аяқ астынан оған тап берген. Сол жерде үлкендер жабайы аңды ұстап алып, өлтіріп тастаған. 

Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер жедел түрде түрде көмек көрсетті. Оған құтырғандыққа қарсы екпе салынды, - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

Автор
Новости партнеров