Абай облысындағы өрт Семейге қарай бағыт алды - ТЖМ

13 июня 2023 г. 13:46 / Новости Казахстана

ТЖМ Абай облысында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып, елді мекендерге қауіп жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазіргі уақытат тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылып отыр. 

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов жұмыстарды үйлестіруге жетекшілік етіп жатқанын айтылды. 

Сондай-ақ, өрттің бағыты Каштак орманшылығынан Семей қаласына қарай бағыт алып,  жоғары өрбігені белгілі болды.   

Сонымен қатар, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін тікұшақтар тартылды. Өткен тәулікте өрт ошақтарына әуеден 546  рет су төгілді, жалпы көлемі 1 500-ден астам тоннаны құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 323 рет су төгілді, жалпы көлемі 4000-ға жуық тоннаға жетті. 

 «Қазгидромет» АҚ деректері бойынша 14 маусым күні: қысқа мерзімді жаңбыр (жаңбырдың ықтималдығы 60%), найзағай, дауыл, солтүстік-шығыс жел секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрге дейін болады деп күтілуде. 

 

Автор
Новости партнеров