Қазақстан дзюдошылары Астана Гранд Слэмінде 7 медаль иеленді

19 июня 2023 г. 13:01 / Sport
Астанада дзюдодан аяқталған Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күнінде отандық 3 дзюдошы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Ерлер арасында -100 келіде Ислам Бозбаев қазақстандық тағы бір спортшы Бекарыс Садуақасты ұтып, аталған турнирдің қола жүлдесін иеленді. 
 
Әйелдер арасында Ақерке Рамазанова Астана турнирінің қола жүлдесін еншіледі. Ол шешуші белдесуде отандасымыз бір минуттың ішінде сәтті әдіс жасап, иппон ұпайымен Карен Стивенсонды (Нидерланды) ұтты. Бұл отандасымыздың IJF жарыстарындағы алғашқы жүлдесі болып отыр.  
 
Сонымен бірге аса ауыр салмақта тараздық тараздық Ғалымжан Қырықбай үшінші орын үшін белдесуде грузин балуанын жеңіп, Астана Гранд Слэмін аяқтады. 
 
Бұған дейінгі жарыстың алғашқы екі күнінде Қазақстан дзюдошылары арасында 1 алтынды Мағжан Шамшадин  (60 кг), 
күмісті Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), 2 қола жүлдеге Данияр Шамшаев (73 кг), Асқар  Нарқұлов  (73 кг) ие болған еді.
 
Сондай-ақ, Ғалия Тынбаева (-48кг), Жансай Смағұлов (-73 кг) пен Бекарыс Сәдуақас (-100кг) кіші финалға дейін жетіп, 5 орынға тұрақтады. 
Автор
Новости партнеров