Кукушкин теннистен АҚШ-тың Хилс турнирін жеңіспен бастады

5 июля 2023 г. 19:22 / Sport

Қазақстандық Михаил Кукушкин Блумфилд Хилс (АҚШ) челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Arbat.media.

Әлемдік рейтингте 262-ші орында тұрған қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 1104-орында тұрған америкалық Кристиан Харрисонмен өткізген еді. 

Отандасымыз алғашқы айналымда айқын басымдылық танытып, есепті 6:2 нәтижесіне жеткізді. Ал екінші сетте тай-брейкте есе жіберіп, есеп 6:7 (7:9) болып аяқталды. Дегенмен шешуші сетте жеңісті жұлып алды, 7:6 (7:5) нәтижесін тіркеді. 

Үш сағат 13 минутқа созылған тартысты кездесуде қазақстандық М.Кукушкин 5 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана алды. Ал оның қарсыласы 8 эйс, 2 брейк  (4 брейк-пойнт) жасағанымен, жеңілістің ащы дәмін татуына тура келді. 

Михаил Кукушкин жүлде қоры 80 мың АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 218-ракеткасы, франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен өзара мықтыны анықтайтын болады. 

Автор
Новости партнеров