Euro 2024: Астанада Қазақстан - Финляндия кездесуі өтеді

7 сентября 2023 г. 12:19 / Sport

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы бесінші кездесуін Финляндияға қарсы өткізеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан және Финляндия кездесуі 7 қыркүйекте елорда уақытымен 20:00-де «Астана-Арена» стадионында өткізіледі.

Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін төрт ойыннан кейін тоғыз ұпай жинаған Қазақстан және Финляндия турнир кестесінде көш бастап тұр.

Новости партнеров