Бокстан Астанада өткен "Елорда кубогының" жеңімпаздары Азия Ойындарына қатысуы мүмкін

3 июля 2023 г. 13:55 / Sport

Астана қаласында бокстан ІІ «Елорда кубогы» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Arbat.media

Бір апта бойы ерлер 13, əйелдер 12 салмақта өзара мықтыны анықтаған болатын. «Елорда Кубогының» жүлдесі үшін 10 елден келген 200-ден астам боксшы бақ сынады. Ұлттық құрама сапында Олимпиада, əлем жəне Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері де сынға түсті. 

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов турнир кезінде бірнеше салмақтағы негізгі боксшыны анықтағанын атады Мысалы, 57, 63,5 жəне 92 кг салмақта жақсы нəтиже көрсеткен спортшылар Ханьчжоудағы Азия ойындарына (Қытай) іріктеу кезінде қосымша мүмкіндік алып отыр. 

Ерлер арасындағы əр салмақтағы чемпион:

48 кг: Теміртас Жүсіпов

51 кг: Сəкен Бибосынов

54 кг: Тимур Қабдешев

57 кг: Махмұд Сабырхан

60 кг: Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан)

63,5 кг: Ертуған Зейнуллинов

67 кг: Шамшер Саидов (Тəжікстан)

71 кг: Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)

75 кг: Нұрқанат Райыс

80 кг: Тоқтарбек Таңатхан

86 кг: Абзал Құттыбеков

92 кг: Сағындық Тоғамбай

+ 92 кг: Данаби Байғазы (Қытай) Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Əйелдер арасындағы əр салмақтағы чемпион:

48 кг: Алуа Балқыбекова

50 кг: Назым Қызайбай

52 кг: Ву Ю (Қытай)

54 кг: Жайна Шекербекова

57 кг: Виктория Графеева

60 кг: Римма Волосенко

63 кг: Янг Ченгу (Қытай)

66 кг: Наталья Богданова

70 кг: Жасмин Қизатова

75 кг: Ли Кьян (Қытай)

81 кг: Ванг Лина (Қытай)

+ 81 кг: Елдана Талипова

Ерлер арасында биылғы турнирдің үздік боксшысы отандасымыз Махмұд Сабырхан (57 кг) атанса, əйелдер арасында бұл атақ қытайлық Янг Ченгуге (63 кг) бұйырды. Үздік рефери - Ерлан Ғазизов, үздік төреші Ғани Ысқақовқа берілді.

Автор
Новости партнеров