Азиада: Сәкен Бибосынов алғашқы жеңісіне қол жеткізді

25 сентября 2023 г. 19:27 / Sport

Азия ойындарында бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

С.Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда моңғолиялық Орхонтунгалаг Унуболдпен шықты. 

Бірінші раундта төрешілер басымдықты Сәкенге беріп, екінші, үшінші кезеңде де сол қалпында жалғасты.

Есеп Сәкен Бибосыновтың пайдасында – 5:0 болып, біздің боксшы келесі айналымға өтті.

Автор
Новости партнеров