Жыл басынан бері төтенше оқиғадан 151 адам қайтыс болды

31 мая 2023 г. 19:12 / Новости Казахстана

Жыл басынан бері елімізде төтенше оқиғадан бес жүзге жуық адам зардап шегіп, 151 адам бақилық болған, деп хабарлайды Arbat.media.

2023 жыл басталғалы бері «112» пультіне халықтан 2 102 612 рет шақырту түскен. 3 875 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркеліп, 486 адам зардап шеккені белгілі болды. Сондай-ақ, 151 адам қаза болып, 1 млрд 272,75 млн теңгеге материалдық нұқсан келгені айтылды. 

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан 185 адам қаза болған. Техногендік сипаттағы жағдайлардың басым бөлігі (85,7%) өндірістік және тұрмыстық өрттен болған. Төрт айда 3 133 өрт болып, 146 адам қаза болған. 1 млрд 208,33 млн теңгеге материалдық нұқсан келген, - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер. 

Өрт Батыс Қазақстанда 48,6%, Қостанай облысында 44,4%, Жамбыл облысында 42%, Атырау облысында 39,7%, Абай облысында 39,6%, Ұлытау облысында 36,8%, Ақтөбе облысында 23,1%, Алматы облысында 24,3%, Жетісу өңірінде 24%,Қызылорда облысында 14% көбейгені айрықша байқалып отыр. 

[

Автор
Новости партнеров