Жыл басынан бері Қазақстан Германияға 290 мың тонна мұнай жеткізді

30 июня 2023 г. 19:20 / Новости Казахстана

Жыл басынан бері Қазақстаннан Германияға 300 мың тоннаға жуық мұнай жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.media.

"Транснефть" ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Германияға "Адамова Застава" бекеті бағытында қазақстандық өнімді тасымалдау көлемі 290 мың тоннаны құраған.

2022 жылғы желтоқсан айында "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру бекеті бағыты бойынша «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша тасымалдауға жылдық өтінім берген. Аталмыш мұнай транзиті 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы сәйкес келісім шеңберінде жүзеге асырылып жатыр, - деп жазылған хабарламада. 

«ҚазТрансОйл» АҚ 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша тасымалдау үшін техникалық мүмкіндікке ие екендігін атаған. Бірақ тасымалданатын нақты мұнай көлемі мұнай компанияларының өтінімдеріне байланысты болмақ. 

Автор
Новости партнеров