Жол бойындағы әжетханадан 4 жасар баланың денесі табылды

27 сентября 2023 г. 11:00 / Новости Казахстана

Семей қаласы маңындағы әжетханадан бүлдіршіннің денесі  табылып, қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ата-анасы 4 жасар баласын күтушіге қалтырып кетіп, шешесі үйге келгенде баласы жоғалып кеткен. баланың денесін күтушінің күйеуі сөмкеге салып, қала шетіндегі әжетханаға лақтырған көрінеді. Бүлдіршіннің нақты неден көз жұмғаны белгісіз, дейді бейресми ақпарат. 

Полиция оқиғаны растап, тергеу басталғанын мәлім етті. 

Абай облысы полиция департаменті:

«Төрт жасар бала өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Қылмыстық іс бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде». 

Қылмыстық істі тергеу департамент пен прокуратура басшылығының ерекше бақылауынаалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Автор
Новости партнеров