Жетісу облысында қарасора еккен тұрғын ұсталды

19 июня 2023 г. 18:10 / Новости Казахстана

Жетісу облысында қарасора өсірудің 2 дерегі анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, аталған дерек Талдықорған және Жаркент қалаларында тіркеліп, полиция қызметкерлері “Қарасора” профилактикалық іс-шараның аясында екі жеке тұрғын үйді тапты.

Олардың иелері марихуана өсірді деген күдікке ілініп отыр. Талдықорғанда жеке тұрғын үйлердің бірінде полицейлер 38 жастағы ер адам марихуананың 80 бұтасын күтіп-баптаған плантацияны анықтады. Жаркент қаласында 46 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған. Оның ауласында 19 қарасора бұтасы табылды.  

Мәліметтер базасын тексеру кезінде екі күдіктінің де бұрын есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Қазір екі дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабында (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Екі күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы таңдалды, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.
 

Автор
Новости партнеров