Жетісу облысында бесінші қабаттан құлаған бала аман қалды

26 апреля 2023 г. 20:33 / Новости Казахстана

Жетісу облысында бесінші қабаттан құлаған сегіз жасар бала тірі қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

25 сәуірде Текелі қаласында үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала бесінші қабаттың терезесінен парашют түрінде полиэтилен пакетін пайдаланып секіріп кеткен. Қазіргі уақытта бала Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына жатқызылды.

«Белгілі болғандай, ағашқа құлаған. Аман қалуына ағаштың да септігі тиген деп ойлаймыз. Жетісу облысы ТЖД азаматтардан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларды терезені ашудан арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуға шақырады»,- деп жазылған Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Бұған дейін Павлодар облысында үш жастағы бала тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болған еді. Сондай-ақ Астанада жас қыз "Мирадж" ТК 12 қабатынан құлап қаза тапты

Автор
Новости партнеров