Жетісу облысында 9 жастағы қыз бала электр құрылғысына кіріп тоққа түсті

24 мая 2023 г. 15:09 / Новости Казахстана

 жа жаӨңірге қарасты Текелі қаласында далада ашық тұрған электр желісінің құрылғысына кірген бала тоққа түсіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқыс оқиға туралы Жетісу облыстық полиция департаменті болған жағдайды растады. Полицияның дерегі бойынша тоққа түскен 2014 жылы туған қыз бала көрінеді.

Аталған факті қалалық полицияның ақпараттық кітабында ресми тіркелгенін хабарлаймыз. Жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыстық департаментіне жолданды», - деді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 9 жастағы қыз бала 22 мамыр күні  тоққа түсіп қалған. Ол тығылмақ ойнап жүріп, ашық тұрған тоқтың ішіне кіріп кеткен. Соның салдарынан оны тоқ ұрып, кейін аурузанаға жеткізілді. 

Автор
Новости партнеров