Жер комитеті қытайларға жерді жалға беру туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

21 мая 2023 г. 20:30 / Новости Казахстана

Әлеуметтік желіде Қытайда жер телімдерін саудалау сайттарында Қазақстандағы ауыл шаруалығына қатысты аумақтардың жалға берілетіні туралы ақпарат жария болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы әлеуметтік желі белсендіс, қытай елінде білім алған Ерлан Мазан есімді қолданушы жазған болатын.

Ойда жоқта Қытайдағы жер жалдау сайтына тап болып, таң қалдым.  Әлгі Жер кодексі арқылы шетелдіктерге жалға берілмейтін болып шешілген ауылшаруашылық мақсатындағы қазақтың жері сол жерде арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр. Бұл енді барып тұрған бассыздық», - деп жазды Ерлан Мазан.

Бұған қатысты еліміздің АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Желіде таралған қазақстандық жерлердің сатылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді. Әлеуметтік желіде жарияланған Қытай елінің сайтындағы Қазақстан аумағындағы жерлердің сатылатындығы туралы ақпарат жалған екендігін мәлімдейміз», – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Қазір Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим келісімге қол қойылған болатын. Осыған байланысты екі ел азаматтар 30 күн емін-еркін жүре алатын болды. 

 

Автор
Новости партнеров