Жеңіс Қасымбек Қарағандыда қалған "командасын" Астанаға ауыстыра бастады
Жеңіс Қасымбек Астана әкімдігінің аппарат басшысы лауазымына Қарағанды облысында бірге қызмет еткен әріптесіп тағайындады, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ербол Еділов өзінің телеграм-арнасында жазды. Астана әкімі аппаратының басшысы қызметіне Дәулет Ешкеев тағайындалған. Ол бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің аппаратын басқарған болатын.
Жеңіс Қасымбек Астана әкімі лауазымына тағайыдалғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында қызмет ауыстырған сайын командамен ауыспайтынын, сонымен бірге, Қарағандыда қызмет еткен әріптестерін Астанаға әкелмейтінін айтқан болатын.
Ешкімді әкелмеймін, ешкімді ауыстырмаймын. Осы жылдың соңына дейін тұрғындармен кездесу болады. Осы жақында үлескерлермен кездесіп үлгердім", — деп жауап берген болатын Жеңіс Қасымбек.
Алайда арада екі айдан астам уақыт өткенде Астана әкімі алғашқы ауыс-түйісті жасап үлгерді. Сондай-ақ, Астана әкімі таяуда дауға айналған LRT құрылысының қашан аяқталатынын айттқан болатын.