Қазгидромет мәліметінше, антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.
ЩҚО және оңтүстік-шығыста тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады.
Еліміз бойынша екпінді жел тұрып, түнде және таңертең тұман түседі.
ШҚО солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде түнде топырақ бетінде 1-2 градус үсік бар.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары.