Зейнет жасында жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар саны белгілі болды

28 апреля 2023 г. 12:17 / Новости Казахстана

Қазақстанда 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер саны 30% артты, деп хабарлады Arbat.media.

Ulysmedia.kz сайтының жазуынша, құрметті демалысқа шыққан егде жастағы адамдардың жұмыс істеуге деген ынтасы ерекше байқалып отыр. 

Соңғы бес жылда Қазақстанда 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер саны 30 пайызға өсті. 2022 жылы олардың саны 76,7 мың адамға жетті, - деп жазылған. Экономикалық зерттеулер институтының хабарламасында.

Ақпарат бойынша, зейнет жасындағы кадрлардың көбі Ақмола (18,7 мың) және Қостанай (17,8 мың) облыстарында тіркелген. Олар ел бойынша ресми түрде еңбекке тартылған зейнеткерлердің жалпы санының 24 пайызын құрап отыр. 

Сонымен бірге, Павлодар облысында 8,2 мың зейнеткер, Солтүстік Қазақстан облысында – 8 мың, Қарағанды облысында 7,2 мың зейнеткер бүгінде жұмыс істеп жүр. 

Зейнет жастағы мамандар ең аз тіркелген өңірлер қатарында Шымкент (91) пен Маңғыстау облысы (113) бар. Ал Батыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында жұмыс істейтін зейнеткерлер мүлдем тіркелмеген көрінеді.

Автор
Новости партнеров