Жазушылар одағы басшыларының бірі "спектакль" болатынын мәлімдеп қызметінен кетті
5 апреля 2023 г. 2:46 / Новости Казахстана
Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек белгілі себеппен қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Бірнеше жылдан бері шығармашылық ұжымда басшылық қызметте болған ақын Ақберен Елгезек бұл шешімінің мәнісі туралы қысқа ғана мәлімдеме жасаған.
Ардақты ағайын! Мен бүгіннен бастап Қазақстан жазушылары одағындағы қызметімнен ресми түрде кеттім. Келе жатқан Құрылтайда қойылатын спектакльге қатысуға құлқым жоқ. Ұлтымыздың ұлы әдебиеті жасай берсін!, деп қысқа ғана пікір білдірген.
Жазушылар құрылтайында қандай "спектакль" қойылатыны туралы ақын ашып ештеңе жазбады. Сондықтан оның қандай сипатта өрбуі мүмкін екенін әзірге білу мүмкін болмай отыр.
Ал жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет әлеуметтік желіде алда өткелі жатқан әдеби жыл қорытындысы, келешек құрылтай өткелі жатқаны туралы жазба жариялап, соңынан өшіріп тастады.
21 сентября 2026 г. 19:21 / Новости Казахстана
Индия ищет замену российской нефти.
21 сентября 2026 г. 14:07 / Новости Казахстана
Фармпродукция в Казахстане подорожала на 13,8% с начала года
21 сентября 2026 г. 12:43 / Новости Казахстана
Казахстан увеличил поставки нефти через Новороссийск
21 сентября 2026 г. 11:27 / Новости Казахстана
Казахстан готовится к открытию прямых авиарейсов в США
19 сентября 2026 г. 10:31 / Новости Казахстана
7,1 млн тонн за восемь месяцев: куда Казахстан экспортирует зерно
18 сентября 2026 г. 17:03 / Новости Казахстана