Зардап шеккендер өміріне қатер төнгенін мәлімдеді — "Дикий» Арман" ісі

15 сентября 2023 г. 15:07 / Новости Казахстана

Алматыда Арман Жұмагелдиев пен өзге де сотталушылардың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров «Дикий Арман» тобы қаңтар оқиғасы кезінде 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтқан еді.

Арман Жұмагелдиев 2021 жылы желтоқсанда шетелден келіп, қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда болған. Оның 5 адамнан тұратын қылмыстық тобы 2022 жылдың 7 қаңтарында ұйымдастырылған арнаулы операциясында ұсталған. Күдіктілерден әртүрлі қару-жарақ пен оқ-дәрілері, суық қару және бронды автомобиль тәркіленген.

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А. Жұмагелдиев пен өзге де сотталушылардың ісі бойынша алдын ала тыңдауды қайта бастап, бірқатар зардап шегушіден, кейбр сотталушылар мен олардың адвокаттарынан, сонымен қатар куәгерлерден процесті жабық режимде өткізу туралы өтініш түскен.

Олар өмірлеріне, отбасылары мен жақындарының қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын мәлімдеді. Сонымен қатар сот сотталушы мен адвокаттың прокурорларға қарсылық білдіру туралы өтінішін қабылдамады», - делінген Алматы соттарының Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.

Сотталушылардың қатарында 45 адам бар. 

 

Автор
Новости партнеров