Жанармай құю бекетінен дизель ұрлаймын деп, видеоға түсіп қалған

16 сентября 2023 г. 9:00 / Новости Казахстана

Шымкентте жанармай құю бекетінен дизель ұрлап жатқан еркек бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полицейлер бейнебақылау камераларынан жанармай құю бекетінің қоршауынан канистр көтеріп өтіп бара жатқан еркекті көрген. Сол жерге жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары мен Абай ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жіеткен.

Күдікті өзіне қарай келе жатқан полиция көлігін көре сала, бірден канистрлерін тығып, көлігінің капотын аша сала, жөндеп жатқандай болған. 

«Күдікті полиция басқармасына жеткізілді. Сол жанармай құю бекетінде газ құюшы болып жұмыс істейтін ер адамда қойманың да кілті болған. Ұрлық жайтын Абай аудандық полиция бөлімінің анықтаушылары тергеп жатыр. Жақында қылмыстық іс сотқа жіберіледі» - деп жазады Шымкент олиция департаментінің баспасөз қызметі.

Автор
Новости партнеров