Жаңаөзенде құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекет иелігіне өтті

25 апреля 2023 г. 13:45 / Новости Казахстана

Жаңаөзенде құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Arbat.media.

2019 жылы «Тазалық-С» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты сенімгерлік басқаруға  берілген.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы анықтағандай, ЖШС оған комбинатты беруге негіз болған міндеттемелерін орындамаған. Атап айтқанда, комбинат арнайы техниканың жеткілікті санымен  қамтамасыз етілмеген, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмеген, полимерлі құбырлар өндірісі іске асырылмағаны белгілі болды. 

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сенімгерлік шартты тоқтата тұру туралы талап арыз беріп, ол толығымен қанағаттандырылған. Апелляциялық сатымен жоғарыда аталған соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды, деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Нәтижесінде баланстық құны 1 млрд теңгеден асатын мүліктік кешен жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне қайтарылды.

Автор
Новости партнеров