Жаңаөзен маңында болған жол апатынан 10 адам қайтыс болды

18 июня 2023 г. 2:16 / Новости Казахстана

Маңғыстау облысында Жаңаөзен-Кендір тас жолында жол апаты болып, 10 адам қайтыс болды. Олардың арасында 5 бала бар, деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірде болған жантүршігерлік жол апатынан кейін Маңғыстау облыстық ПД басшысы облыс тұрғындарына үндеу жолдады.

Құрметті маңғыстаулықтар, облысымызға келген қонақтар! 16 маусым күні кешкі сағат он жарымдар шамасында Жаңаөзен-Кендірлі тас жолында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Оның салдарынан 10 адам қаза тапты. Оның бесеуі - кәмелетке толмағандар. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – көліктің қарсы бағытқа шығып кетуі. Сонымен қатар жыл басынан бері жолда жануарлардың қатысуымен 3 жол апаты болып, 2 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Облыста халық саны күн сайын артып келеді. Халық санының өсімі бойынша елімізде бірінші орындамыз. Былтыр мереке күндері облысымызға 7 мың көлікпен 35 мыңға жуық турист келген. Сондай-ақ облыста соңғы 5 жылда көлік саны 15 мыңға көбейсе, қазіргі таңда 170 мыңға жетті», - деді ПД басшысы Аян Дүйсембаев. 

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 32 адам қаза тапты. Сонымен бірге, 185 адам дене жарақатын алған.

Жол апаты кезінде "Toyota" көлігінің ішінде 8 адам болған. Егер ережелер сақтап, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағып, сондай-ақ балаларға арналған орындықтар пайдаланса, онда көлікке тек 4 адам ғана сияр еді. Ал апат болған жағдайда бұл құралдар адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін. Бір ай бұрын "Duster" автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ескертіліп, айыппұл салынған - деп үндеу жасады полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев.

Автор
Новости партнеров