Жамбыл облысының экс-әкімі парамен ұсталып қамауға алынды

27 декабря 2022 г. 16:01 / Новости Казахстана

Жамбыл облысының бірнеше жыл әкімі болған Кәрім Көкірекбаев қамауға алынды, деп хабарлайды  arbat.media.

Пара алу үстінде ұсталған ол Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазселқорғау" мекемесін басқарған. Аталған жағдайды еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растағанымен, ресми ақпарат таратпады. 

Кейбір деректерде Кәрім Көкрекбаев "BAZIS CONSTRUCTION" — "INFR" ЖШС филиалының директорынан 800 мың доллар пара алу кезінде қолға түскен көрінеді. Қазір аталған екі тұлға уақытша ұстау изолятрына қамалып отыр. 

Кәрім Көкрекбаев 1999 жылдан бері әкімшілік саласында жетекші қызмет атқарған. Ол Мойынқұм ауданының әкімі, ҚР оршаған ортаны қорғау вице-министрі, "Қазақстан темір жолы" АҚ вице-президенді, облыс әкімінің бірінші орынбасары секілді лауазымдарда болды. 2013-2018 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі қызметінен ол кейін Қырғыз Республикасындағы елші болып тағайындалған еді. 2019 жылдан бері "Қазселқорғау" мекемесіне басшылыққа тағайындалып, 2020 жылы зейнет жасына толса да әлі күнге сол қызметті атқарып келген. 

Автор
Новости партнеров