Үржарда балалар үйінің 6 миллион теңгесін жымқырған басшы мен есепші күдікке ілінді

26 июня 2023 г. 14:07 / Новости Казахстана

Абай облысындағы балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.media.

Абай облысы Үржар ауданының прокуратурасы Науалы балалар үйінің әкімшілігі қызметкерлерінің бюджет қаражатын 6 миллион теңгеден астам сомаға ұрлау деген анықтады. Бұл туралы еліміздің бас прокуратурасы мәлімдеді. 

Балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары еңбекақы төлеп, жоғары сыйлықақылар мен іссапар шығындарын жасап отырған. Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталған.ы белгілі болды. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық барын байқалған. 

Сонымен қатар, мекемеде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленіп отырған. Балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке залал келтірілді. Осы дерек бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды, - деп жазылған Бас прокуратура таратқан ақпаратта. 

Заң бойынша аталған баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салуме қатар, күдікке ілінген адамның 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Автор
Новости партнеров