Ұлытау облысы жылусыз, сусыз қалуы мүмкін

7 сентября 2023 г. 17:10 / Новости Казахстана

Депутат Серік Шайдаров Үкімет басшысына Ұлытау облысы жылусыз, сусыз қалуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Депутат Серік Шайдаров Жезқазған қаласы инфрақұрылымының мәселесін көтеріп, Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында апатты үйлер, тозығы жеткен инженерлік және жол инфрақұрылымы, экология мен сапалы ауыз су проблемасы жайында айтты

Сенатор Үкімет басшысына Ұлытау облысы жылусыз, сусыз қалуы мүмкін екенін жеткізді. 

С. Шайдаров: 

Жезқазған қаласын сумен жабдықтайтын Есқұла су құбырының құрылысына тоқталсақ, 2021 жылы нысан аяқталуы керек еді. Бірақ 530 миллион теңге сомасындағы қаражат игерілмегеннен нысан тапсырылмай қалды. Жобаны аяқтауға биыл 427 млн теңге қарастырылған. Сіз (Үкімет басшысы Әлихан Смайылов) Ұлытау облысына сапармен барған кезде, осы жылдың маусым айында кестеге сәйкес нысанды тапсыру туралы тапсырма бердіңіз. Алайда қазірге нысан пайдалануға берілмеген, жауапты министрлік жағынан бақылау болмады. Жалпы, нысан биыл берілмейді деген күдік бар.

Сонымен қатар С. Шайдаров Жезқазған қаласының басқа да маңызды объектілері, оның арасында су құбыры, шаруашылық ауыз су тазарту нысандары мен жылу желілері мәселелерін де айтты.

Новости партнеров