Ұлыбританияға виза бағасы қымбаттатады
Ұлыбританияға виза алу қымбаттайды, өйткені келесі айдан бастап визаның барлық түрінің бағасын 15% қымбаттатуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл студенттер мен туристерге қатысты. Оның ішінде Ұлыбританияға кіру және елде болу үшін виза сұралатын қазақстандықтар да бар, деп жазады ҚазАқпарат.
Жаңа заң бойынша, мысалы, 6 айдан аспайтын қонақ визасы 15 фунт стерингке қымбаттап, құны 115 фунт стерлинг (шамамен 67 мың теңге) болады. Сонымен қатар, 2, 5 және 10 жылдық қонақ визаларының да бағасы өседі.
Ұлыбританиядан тыс жерде студент визасын алуға өтініш беру де айтарлықтай қымбаттайды. Елде оқитындар 490 фунт стерлинг (288 мың теңге) төлеуі керек.
Бұл – ел ішінде виза алу үшін берілетін өтініш бағасымен бірдей болады.
Өзгерістер рейсін ауыстыру немесе қажет жеріне жету мақсатында басқа көлікке отыру үшін елге кіргізетін транзиттік визаға қатысты емес.