Үлескерлер қаржысын тартуға құқығы жоқ құрылыс салушылар

29 августа 2023 г. 17:39 / Новости Казахстана

Құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталмыш тізім туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Қолданыстағы заңнаманы елемеу арқылы жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты және т.б.) төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.

Үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ ҚР ҚК  214-бабымен кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

«Сұрақтар бойынша Астана қаласы Сарыарқа ауданы Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайында орналасқан Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары:

8 (7172) 55-04-28, 55-67-03».

Астанада үлескерлердің қаржысын қабылдайтын құқығы жоқ құрылыс салушылар тізімі тізімін мына жерден жүктеп алуға болады.

 

Новости партнеров