Украина соғыс басталғалы өз ішіндегі Ресейді аңсайтын топтардан құтылды - Дархан Әбдік

27 февраля 2023 г. 18:41 / Новости Казахстана

"Парасат майданы" хабарының жүргізушісі Дархан Әбдік "Дөп сөз" бағдарламасына сұхбат беріп, ұлттық құндылықтар туралы айтты. Әңгіме барысында белгілі журналист соғыс басталғалы Украина өз ішіндегі Ресейді аңсайтын топтардан құтылғанын тілге тиек етті, деп хабарлайды Arbat.media.

Дархан Әбдік сұхбат барысында елде бірегей ұлт қалыптастырудың жолын атап, оған бірнеше мысал келтіреді. Сонымен бірге, еліміздегі іштей Ресейді аңсайтын топтардың қиындық туған жағдайда қандай қадамға баратынын алға тартады.

Тегіне, дініне, нәсіліне қарамай азаматтық тұрғыда заң алдында хақы тең және осы елдің мүддесін ойлайтын, осы ел үшін ертең күресетін, соғысатын бірегей ұлт қалыптастыру. Бізде отарлау саясатының негізінде қалыптасқан жасырып, талқыламайтын нәрселердің нәтижесінде қалыптасқан коллаборационистік топтар бар. Ертең Ресей Қазақстанға шабуыл жасаса, еліміздің қорғамайтын топтар бар. Ол рас болғанымен, бір оны айтпаймыз,  - деді Дархан Әбдік.

Журналис Ресей Украина жеріне басып кіргелі бері украиндардың пиғылы теріс топтардан құтылғанын мысалға келтірді. Елде қиын жағдай туындағалы бері ресейшіл топтал Украинадан кеткен көрінеді. 

Украинадағы жағдайдың бүгінгі таңдағы айырмашылығы олар осы сатыдан өтіп келе жатыр. Өйткені, қазір украиндардың жағында сан алуан орыс, грузин, қазақ бар. Олар ертең Украина ұлты болады. Ең басты мәселе неде? Өйткені, олар жер үшін күресіп жүрген жоқ. Олар құндылықтар үшін күресіп жүр. "Украина Еуропаға бет бұрды, біз сол құндылықтарды қабылдаймыз. Ешқашан империя, басқаның құрамында болмаймыз. Біз дербес, азат, еркін мемлекет боламыз" деп отыр. Соғыс басталғанған дейін Украинаның ішінде Ресейге бүйрегі бұратындар көп болды. Қазір олардың кететіндері кетті, қалғандарында ондай ниет жоқ. Сондықтан ақымақ адам өз қателігінен қорытынды шығарады. Ақылды адам өзгенің қателігінен қорытынды жасайды деген ұғым бар. Соны көріп отырып, біздің мемлекет осы уақытта іс әрекет жасауы керек. Бүгіннен бастап ұлтты қалыптастыру керек. Ұлтты қалыптастыру үшін сенің қаныңның жақындығы, дініңнің бірлігі емес, құндылықтар керек, - деді журналист. 


Автор
Новости партнеров