Тұрлыханов ұлының әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады

5 июля 2023 г. 13:30 / Новости Казахстана

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ақпан айында екі адам ұрған ұлының әскери бөлімнен қашып кетуінен кейін мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақпан айынна бері назардан түспей келе жатқан шулы оқиға туралы депутат талқылау берудің маңызы жоғын атады. Бұл оның жас баласына психологиялық қысым болыпған көрінеді. 

Менің ойымша, бұл мәселені осы жерден доғарғанымыз дұрыс. Бұл ақпараттар менің ұлыма үлкен психологиялық ауыртпалық түсіріп жүргенін сеземін. Ол әлі жап-жас жігіт. Оның жасағаны дизертирлік емес, былайша айтқанда, балалыққа салынып «самоволкаға» шығып кеткені, - деді Д.Тұрлыханов.

Белгілі спортшы соңғы кездері ұлының жағдайына қатты алаңдайтынын алға тартты.  

Мен ұлымның Қазақстан Қарулы күштерінің сапында жауынгер болып жүргенін мақтан етемін. Ол жастықтың жалынымен қателік жасағаны түсінікті. Ғашық болып жүрген бала, сүйген қызы келген екен, соған шығып кеткен. Бұл енді жастық сезім, махаббат сезімі. Әрине, мен оны ақтамаймын. Қай ата-ана өзінің баласын жаман болсын дейді?! Осы жағдайға байланысты ақпараттардан хабардар болып отырған баламның қазіргі психологиялық жағдайы мені қатты алаңдатады. Құдай сақтасын, осы жағдай баламның тағдырын тәлкекке салып, қандай да бір оқыс әрекетке баруына себеп болса, мен де өз тарапымнан қарап қалмаймын, қолданыстағы заң шеңберінде әрекет етемін, - деді депутат.

Сондай-ақ, ол шулы мәселеге заң шеңберінде баға берілетінін де жеткізді. 

Құрметті достар! Тағы да қайталап айтқым келеді, ұлыма қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бәрі заң шеңберінде шешілетін болады. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын, - деп жазды ол. 

Автор
Новости партнеров