Түркиядағы зілзаладан соң үйінді астында тірі қалған тұрғындар жаппай бейнежазба көмек сұрады

8 февраля 2023 г. 4:53 / Новости Казахстана
Түркияның оңтүстік-шығыс аумағында болған жер сілкінісінен кейін үйінде астында қалған тұрғындар көмек сұрап, бейнежазба жолдады, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Апаттан кейін арада бір күн өткенде жер сілкінісінен қирап, үйіндіге айналған үйлердің астында қалған кейбір тұрғындар бейнежазба жолдады. Олар тұрған бөлмелер жартылай қирап, адамдар аман қалған. Алайда оларға әлі құтқару қызметі жетпей жатыр.
 
Бейнежазба жолдағандар арасында түрік ұлтының батырлары, спортшылар мен қарапайым азаматтар көп. Мәселен, "Менің есігімді қағыңыз" сериясының актрисасы Башак Гүмүлжинелиоғлу Антакиядағы үйінділердің астында анасы қалғанын мәлімдеді. Түрік футболшысы Ахмет Эйюптің әйелі Түркаслан да үйінді астында қалған күйеуін тірі екенін сенімді әрі құтқаруды сұрап отыр. 
 
Түркияда магнитудасы 7,5 балды құраған жер сілкінісінен көптеген тұрғын зардап шекті. Ресми мәлімет бойынша қайтыс болғандар саны бес мыңға жеткен. Табиғат апатынан кейін Түркияға бірнеше елден құтқару қызметі аттанды. Қазақстанның құтқару қызметінен 40 адам апат аймағына аттанып, үйінділер арасында қалған адамдарды шығаруға көмектесуде. 

 


 
Автор
Новости партнеров