Түркияда тұратын қазақстандар саны белгілі болды

7 февраля 2023 г. 23:37 / Новости Казахстана

Түркияда тұратында Қазақстан азаматтарына қатысты Сыртқы істер министрлі ресми мәліметті жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР СІМ деректері бойынша Түркияда 75 000-ға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Оның ішінде 8219 студент бар.

Азаматтардың көпшілігі консулдық есепке тұрмайды, сондықтан ведомство олардың Түркияда болғаны туралы мәліметті  білмейді.

Олар байланысқа шықса да, біз олардың қай жерде болуы мүмкін екенін білмейміз. Мұндай жағдайларда консулдық есепке алу үшін бізге жұмысты үйлестіруге көмектеседі, - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Ресми мәлімет бойынша Түркияда консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы ғана тіркеуде тұр. 

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтардың көпшілігі қауіпсіз аймақтарда тұратынын және өз қызметін жалғастырып жатқанын атады. Ал Түркияда болған зіллаладан зардап шеккен ҚР азаматтары жоқ.

 Түркияда қайғылы оқиғадан бірнеше мың адам қайтыс болып, он мыңға жуығы жарақат алғаны белгілі болды. Жел сілкінісінен кейін еліміздің президент Қасым-Жомарт Тоқаев түрік басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Сондай-ақ, Қазақстаннан арнайы құтқарушылар мен дәрігерлер тобы апат аймағына аттанды. Жер сілкінісінен кейін Реджеп Тайып Ердоған Түркияда қаралы күн ретінде бір апта бойы аза тұту жариялады

 

Автор
Новости партнеров