Түркістан облысында тыйым салынған «трамадолды» сақтағандар анықталды

17 апреля 2023 г. 13:37 / Новости Казахстана

Түркістан облысында осы аптаның ішінде «Трамадолды заңсыз сақтаудың 6 дерегі анықталды. Күдіктілерден «Трамадол» препаратының 30-дан астам дәрісі тәркіленді, деп хабарлайды Arbat.media.

4-уі Сарыағаш ауданында, қалған екеуі Түркістан қаласы мен Шардара ауданында тіркелді.

Дәл осы трамадолдан нашақорлық басталады. Оған тәуелді болған адамды бірден анықтау қиын. Жастардың трамадолды пайдаланбас үшін сұхбаттасып, араласатын ортасын біліп, немен шұғылданады, кіммен сөйлеседі? Түнгі уақытта үйден тысқары шықпауын қадағалаған жөн. Ал егерде осы дәріні пайдалану, не қолдану, сату жағдайлары туралы білетін болса, әрбір азаматқа полицияның 102 нөміріне хабар беруін сұранамыз. Анықталған жағдайда ҚР ҚК 296 бабымен іс қозғалатын болады, - деп мәлімдеді облыстық ПД ЕҚҚІҚБ бастығының орынбасары Мади Қожамұратов.

Бұған дейін бұл препарат дәріханада сатылатын еді. Қоғамның қарсылығынан кейін, Үкімет құрамында психотроптық заттары бар «Трамадол», «Кетамин», «Этизолам» дәрілік препаратын есірткі заттарының тізіміне енгізді.

Автор
Новости партнеров